Астаналықтар өз үйлеріне кіре алмай жүр. Үш жүзге жуық отбасы жаңа пәтерге былтыр қоныстануы керек еді. Бірақ баспана құрылысы жартысына жеткенде тұралап қалған. Енді үй де, салған ақша да жоқ дейді олар. Жауаптылар құр шөппен ауыз сүртіп, алдап келе жатқан көрінеді.
Баймырза ҚАУҒАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сырты фасады, ішті лифттері жоқ, әрбір вартираға кіретін есіктері жоқ. Холдарды вообще жасамаған.
Диана ӘЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қазір келісімшартты «Отбасы банкпен» бұзсам, олардың юристерімен кездескенмін, олар маған айтты. «Сен тек қана өзіңнің 50 пайызыңды ғана аласың. Ал мен екі жыл төлдеп қойған ақшам, 2 миллион 500 мыңды қайтара алмаймын. Мен замкнутый кругта отырмыз.
Тұрғын үй маңайы тып-тыныш. Құрылыс жүріп жатқан үйге ұқсамайды. Есігін күзетіп біраз тұрдық. Әйтеуір дегенде іштен бір жұмысшы шықты.
Жұмыс жүріп жатыр ма? Қалай жүріп жатыр?
– Жүріп жатыр. Кабель тартып жатырмыз.
– Қанша жұмысшы бар іште?
– 2-3 адам.
360 пәтері бар үйдің құрылысын небәрі 3 адам жүргізіп жатқаны қызық. Хош, басты мәселе бұл емес. Сонымен, созбаққа салынған үйдің кілті қашан беріледі?
Әйгерім РАЙЫМБЕКОВА, САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бізде жұмыс жоспары бар. Құрылыс саласында өзгерістер көп болып жатқанын білесіздер. Бізде құрылыстың жүруі үлескерлерге байланысты. Олардан ақша келсе, сәйкесінше, жұмыс жүреді. Құжаттарды дайындаймыз.
Жауаптылар Қазақстандық тұрғын үй акционерлік қоғамынан ақша сұрапты. Қалай қаржы түседі, солай үй құрылысы қарқынды түрде жүреді – дейді. Бірақ, пәтер кілттері қашан қолға берілері әзірге белгісіз.