Президент
Нұрсұлтан Назарбаев келесі аптада бірнеше мемлекетке сапармен барады. Бұл
жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Алдымен Хасан Руханидің шақыруымен
Иран Ислам Республикасына ат басын бұрмақ. Онда екі ел басшысы Қазақстан мен
Иран арасындағы уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп
жоспарлануда.
Мұнан соң Президент Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне
қатысу үшін Түркияға барады. Сапар барысында Елбасының Режеп Тайып Ердоғанмен
кездесуі жоспарланған. 15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға сапарлап, президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында екіжақты
қарым-қатынастың негізгі аспектілері талқыланады деп жоспарланған.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА