Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық параатлетші Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2023
  • 794

Қазақстандық параатлетші Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15.74 м нәтижесімен ядро итеруде үшінші орын алды.

 Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1 200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетеді. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты - бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4-орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.