Танымал әнші Димаш Құдайберген репертуарын өзгертіп, жанкүйерлерін таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол түрік диджейі Бурак Йетермен бірге жаңа трек жазған. Бұл жолы әнші тыңдаушыларын лирикалық композициямен емес, клуб стиліндегі әнмен қуантты.
"Бурак Иетермен бірге "Weekend" атты жаңа әніміз Еуропада тарап жатыр. Жақында барлық музыкалық платформада пайда болады", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.