Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының көп салалы балалар клиникалық ауруханасында оңалту орталығы ашылды

Қарағанды облысының көп салалы балалар клиникалық ауруханасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. 50 орындық ерте дамыту орталығында 3 айдан 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер көмек алады. Мекеме ең соңғы технологиялармен жабдықталған. Әсіресе неврологиялық сырқаттардан кейін қайта қалпына келтіру мүмкіндігі жоғары. Мәселен, мына монша аймақта бұрын болмаған.

Нина ДЕРКАЧ, ОБЛЫСТЫҚ КӨП САЛАЛЫ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Орталық өте жақсы жабдықталған. Балаларға психолог, дефектолог, логопед секілді көптеген маман қабылдайды. Биыл жыл соңына дейін осындай тағы бір орталық ашу жоспарда бар. Онда 18 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетіледі.

Қарағанды облыстық көп бейінді балалар ауруханасының өзі осыдан бір- ақ ай бұрын ашылды. Мұнда 4 жүзден астам дәрігер 15 сала бойынша жұмыс істейді. Күніне 200-300 бүлдіршін ем алады.

Аққу ҚАШКЕН, АТА-АНА:

Кең, ыңғайлы, барлығы жаңа. Мына кішкентаймен тоже осы новый больницаға келдік. Врачтар сол баяғы, өті білікті мамандар. Таңнан да кешке дейін келіп барлығын қарап отырады.

50 жыл бойы жеке ғимараты болмаған хирургия бөлімі бөлек орналастырылып, соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталды.

Жанат ЕЛУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨП САЛАЛЫ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұрын біз екі ота бөлімінде жұмыс істесек қазір енді әр саланың өзінің ота бөлімі бар. Ол дегеніміз жаңағы лор отделениенің өз бөлімі бар, нейрохирургтарға бар, хирургтарға бар және ота бөлімі осептикалық және септикалық деп бөлінеді.

Балалар ауруханасында медицинаның соңғы жетістіктерін барынша қолдануға тырысады. Жапониядан 7 күйікке қарсы арнайы төсек әкелінді. Өзінің жеке компьютерлік томография қондырғысы іске қосылды.