Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады

Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады. Екі апта бұрын атажұртқа келген қандастар қимастықпен қоштасты. «Жас қазақ» деп аталатын этно-лагерь 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Мұнда әр елден келген қазақ балалары ауызбіршілігі жарасып, танысып үлгеріпті. Қазір сұрайықшы. Кім қайдан келгенін.
- Өзбекстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей.

Екі аптаға жалғасқан лагерьге әлемнің 8 мемлекетінен 200-ге жуық этникалық қазақ келді. Араларында атажұртқа алғаш келгендер де бар.

Жанболат, ОҚУШЫ:

Баян-Өлгей аймағында 85 пайыз қазақстар өмір сүреді. 15 процент моңғолдар өмір сүреді. Олар қазақстармен көп өмір сүріп, бірге жүргендіктен қазақ тілін біледі десек те болады.

Тіл демекші, бұл лагерьде өзге тілде сөйлесуге рұқсат жоқ. Бәрі ана тілінде тілдеседі. Ол үшін арнайы шеберлік сабақтар да ұйымдастырылған. Онда балалар қазақ халқының тарихымен, дәстүрімен терең танысады. Халық биін үйреніп, ұлттық аспаптарда ойнауды меңгерді.

Иманбек КІНИЯЗҰЛЫ, ОҚУШЫ:

Қандай күйді жақсы көресің тартқанды?
– Жекпе-жекті жақсы көремін.
– Ал, лагерь ұнап жатыр ма?
– Иә, лагерь ұнап жатыр. Қимастық бар.

Лагерьде Иманбек секілді өнерлі бала көп. Бірі сурет салады, енді бірі ән айтып, би билейді. Аттың құлағында ойнайтындар да бар.

Жігіттер, қыздар көңіл күй қалай?
– Жақсы.
– Ұнап жатыр ма?
– Иә. Әр аттың өзінің ерекшелігі бар екен. Есімдері, қатар жүргендері сондай керемет.

Жырақта жүрген қазақ балалары тарихи отанына оралуды аңсап жүргендерін айтады. Көбісі болашақта қазақстандық жоғары оқу орнында білім алғысы келеді.

Абзал САПАРБЕКҰЛЫ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі апталық осындай жазғы лагерьді өткіздік десек болады. Бір, әрине, осы жерге келген балалардың әрқайсысы үшін қобалжыдық, аман-есен келсін, енді аман-есен барсын деп Алладан сұрап отырамыз. Елдеріне аман-есен қайтсын деген тілегіміз.

Лагерьдің жабылу салтанатында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шапқан балалар марапатталды. Түрлі сыйлықтар табысталды.