Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2023
  • 1996

Қызылорда облысында рейстегі автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза болып, төрт адам ауруханаға түсті. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жол апаты бүгін, 14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында болған.

Автобус Қызылорда - Қазалы бағытында қатынаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмған.

Автобус жүргізушісі мен тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.