Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 45 су қоймасы апатты жағдайда тұр

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2016
  • 2954

Елдегі 45 су қоймасы апатты жағдайда тұр. Бұл қарлы болатын қыстан кейін қауіп тудыруы мүмкін. Мұны ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында су ресурстары комитетінің мамандары айтты. Бүгінде елде 309 су қоймасы бар. Олар штаттық режимде жұмыс істеп, меншік иелерімен қажетті іс шаралар өткізіліп келеді, - дейді мамандар. Дегенмен су қоймаларының тек 83-і мемлекет меншігінде. Оның 34-і апаттық жағдайда деп танылған. Ал оларды қалыпқа келтіруге қаржы қолбайлау болып отыр, - дейді сала мамандары.

Мұрат Бейсенов, ҚР АШМ су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану және дамыту басқармасының басшысы:

2020 жылға дейін осы су қоймаларын қалпына келтіріп, реконструкция бойынша жөндеу көзделіп отыр. Әрине, ол тек тиісті қаржылар бөлінген жағдайда. Коммуналды және жеке су қоймаларына келетін болсақ, Су кодексіне сәйкес су шаруашылығының меншік иелеріне жұмыс режимін және нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптарды сақтауға жауапкершілік жүктелген.