Русский Сайттың толық нұсқасы

Air Astana жолаушыларына үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2023
  • 2795
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Air Astana жолаушыларына Астана халықаралық әуежайындағы жыл сайынғы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана халықаралық әуежайында 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін жыл сайынғы ұшу-қону жолағын жөндеу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден. 18:00-ге дейін жүргізіледі.

"Егер сіз 15 шілде мен 8 тамыз аралығында ұшуды жоспарласаңыз, әуежайға ертерек келуіңізді және тіркеуден алдын ала өтуіңізді сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал. Қолайсыздыққа түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.