Түркияның оңтүстігінде Мугла провинциясында Бодрум әуежайы маңында орман аумағында өрт тұтанды. Бұл ауданда қазір ауа температурасы 43 градустан асады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Өрт сөндіруге Мугла провинциясы орман шаруашылығы басқармасына тиесілі 9 тікұшақ пен 9 ұшағы, 53 автоцистерна, 4 бульдозер, ТЖМ жеке құрамының 300 адамы қатысып жатыр. Түнгі уақытта орман өртін сөндіруге түнде көру жүйесі бар тікұшақ тартылды.
Мугла губернаторы Орхан Тавли әуеде және құрлықта өртпен күресу жалғасып жатқанын хабарлады. Миляс ауданында қарт адамдар эвакуацияланды.
Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы оқиға болған жерді тексеріп, өрттің бақылауда екенін хабарлады. Ол сондай-ақ өрттің әуежай маңында басталғанын нақтылады.
Оның айтуынша, елде тағы 6 өрт тұтанған: екеуі Измирде, екеуі Хатайда және бір-бірден Кахраманмарашта және Балыкесирде.
Өрттің шығу себебі анықталмаған. Тергеу жүргізілуде.