Русский Сайттың толық нұсқасы

Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өрт орнына аттанды

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2023
  • 3541

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 15 шілдеде Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында (57 және 58 орамдар) құрғақ шөптер мен ағаштардың жанып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.

Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.

Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы - 20 гектар.

Қазір өңірде 28 градус ыстық, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с-қа жетеді. Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан.