Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мәйітті әжетхана шұңқырына тастаған". Шымкенттік 19 жыл бұрынғы іс бойынша сотталып жатыр

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2023
  • 6095

Шымкент тұрғыны 19 жыл бұрын жасалған адам өлтіру ісі бойынша сотталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сотта айыпталушы досына көмектескісі келгені белгілі болды. Оның күйеу баласы әпкесіне және сотталушының сүйіктісіне тиіскен.

Айыпталушы қару тауып алған, кейін ортақ отырыс кезінде досының күйеу баласын атып кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза болады.

"Одан кейін күдіктілер айғақтарды өртеп, мәйітті даладағы әжетхана шұңқырына тастаған, ауыр қылмыс жасаған күдіктілер жазадан құтылу үшін қашып кеткен.
Қылмыс жасаған кезде сотталушы 22 жаста, оның досы 16 жаста болған", - деп жазды басалым.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ол шынымен де қару алып барғанын, оны қараусыз қалған ғимараттан тапқанын айтты. Алайда екі оқты да ол емес, досы атқанын мәлімдеді.

"Мен кінәлі емеспін, сондықтан мойындамаймын, мен оған тіпті көмектеспедім. Мен қаруды әкелгенімді мойындаймын... (...), Қазақстан аумағынан кеткенімді де. Мен оны түсінемін. Мен қару үшін, одан адам өлтірілгені үшін, мені соттайды деп қорықтым", - деді сотталушы.

Адам өлтірді деп айыпталған ер адам 2018 жылы Шымкентке оралған. Ол биыл наурызда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша екінші айыпталушы азаматтығын өзгертіп, қазір Башқұртстанда екені анықталған.

Сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап жазаны тым қатал деп санайды. Сотқа марқұмның ағасы шақырылған. Ол қылмыстың ескіруіне қарамастан, кінәлі заңды түрде жазалануы керек деп есептейді. Сот шешімі келесі аптада жарияланады деп күтіледі.