«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 16-сы күнгің күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын деректеріне қарағанда, 16-шілде күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның батысында, солтүстігінде, қиыр шығысында және оңтүстік - шығысында ауа-райы құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, жаңбыр жауып, елдің батысында нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал елдің қалған аумағында күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, солтүстікте түнде тұман болады.
Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде 35-38°с қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары күтіледі.
Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде.