Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, тағы 13 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Екпінді-Созақ тасжолы бойында 3 автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы барды. Қазір көлік апаты бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі полицейлері жұмыс жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.