Русский Сайттың толық нұсқасы

«Лайықты жұмыс – жастардың өз қабілет-қарымын шыңдауының алғышарты»,- Е.Қошанов

2029 жылға дейін 2 миллионнан астам жас жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұл- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы. Осы орайда «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оған Төраға Ерлан Қошанов арнайы келіп, жастармен тілдесті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осындай жәрмеңкелер Астана қаласында жүйелі өткізілетін болады. Биыл, бүгін 70 компания болса, келесі жолы одан да санын арттырып, одан да кең ауқымда өткізуге тырысамыз.

«Жастарға жұмыс» жобасы 2023 жылдың қаңтарынан бастап ұйымдастырылып келеді. Жарты жыл ішінде 120-дан астам бос жәрмеңке өткізілді. Оған 90 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде 18 мың жас жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Жайна ӘЛІМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өз басым көптеген мектептерде вакансия мен конкурстардың ашылғандығы туралы білдім және де өзімнің түйіндемемді жібердім, өзіме тұрақты жұмыс табуға зор мүмкіндік алдым.

Жоба аясында 70-тен астам жұмыс беруші 1300-ге жуық жұмыс орнын ұсынды. Іс-шарада 2000-нан астам адам қамытылды. Жәрмеңке 10-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады.