Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында жолда әйел мен баланы қағып кетті

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2023
  • 871

Павлодар облысында жолда әйел мен баланы қағып кетті, олар жолдың жүріс бөлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткісі келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Омбы-Майқапшағай автожолында Hyundai Accent маркалы автокөлік жүргізушісі әйел адам мен кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.

Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 12 минутта жетті. 

"Шақырту сағат 09:38-де түсті. 28 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға, ал 10 жастағы қызды облыстық балалар ауруханасына жеткізілді",  - деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.