«Нұр
Отан» партиясының Ақсу ферроқорытпа зауытындағы бастауыш ұйымы жұмысын
қорытындылады. Бүгін есептік-сайлау отырысында бастауыш ұйымның басшысы қайта
тағайындалды. Кәсіпорындағы бастауыш ұйым өкілдері партияның көшбасшысы қойған
мақсат-талаптарды талқыға салды. Айтуларынша, зауыт елдегі атқарылып жатқан
барлық ауқымды іс-шараларды қалтқысыз орындап келеді. Белсенділердің қолдауымен
Ақсу шаһарында көптеген іс-шаралар өткізілген. Соның бірі - Қалқаман балалар
үйіндегі қайырымдылық шарасы. Мекеменің бес тәрбиеленушісі нұротандықтардың
көмегімен отбасылы болған. Зауыт еңбеккерлері үшін бас партияның қатарына
қосылу - абыройлы қадам.
Тимур
Тәттібеков, «Нұр Отан» партиясы «АҚСУ ферроқорытпа зауытының» бастауыш ұйымының
төрағасы:
Партияның
құрамына кірген жұмысшылар бірден қорғауға алынады. Яғни олар жеке басының
мәселелерімен тікелей шығуларына мүмкіндік алады. Егер мемлекеттік органдар
олардың шағымын ескермей жатса, олар бізге келіп, мәселесін шешіп жатады.
Зауытта қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Мұнда мәселелер талқыланып, ары қарай
Ақсу қалалық филиалына жолданады.
Ақсу
ферроқорытпа зауытындағы бастауыш ұйым қалада ғана емес, облыс бойынша да ең
ірілердің санатында. 4904 адам - партияның мүшесі. Бұл зауыт жұмысшыларының 75
пайызын құрайды. Партиялықтардың айтуынша, бір жылдағы көрсеткіш 15 пайызға
өскен. Ал қалалық филиалдың құрамында 12 мың тұрғын бар. Өткен жылдың
қорытындысы бойынша, Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш ұйымы облыста көш
бастап, ал республикалық деңгейде үшінші орынға көтерілген.
Айдос
Оразалин, «Нұр Отан» партиясының Ақсу қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
Жалпы
Ақсуда қандай істер атқарылса, партия жолындағы, Ферроқорытпа зауытының
мүшелері белсенді қатысып, атқарады. Бүгінгі таңда осы зауыттың өнімін шығаруда
не болмаса Ақсу қаласын абаттандыру жұмыстарында белсенді атсалысады.