Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен 9 айда БЖЗҚ ақшасы 7 пайызды құрады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2016
  • 2558

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 9 айда 7 пайыз кіріс көрді. Ал елдегі инфляция деңгейі 5%. Демек қор салымшылары аударған ақшалары үшін нақты табыс табады. Мұны Өскеменге жұмыс сапарымен барған Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Зейнетақы қорындағы ақша салымдар да бос жатпай, жобаларға инвестициялануы тиіс. Бұл әлемдік тәжірибе. Бас банкирдің айтуынша, мәселен ЭКСПО- 2017 секілді инвестжобалар салымшылардың зейнетақы шоттарын  14-16%-ға арттырады. Мемлекет Қазақстан Даму Банкі арқылы қордағы инвестицияға сенімді кепіл бола алады. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымдардың жалпы сомасы биылғы жылдың бірінші қазанында 6,5 триллион теңгеге жеткен.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Инвестиция жалған болып шығады немесе қайтарылмай қалады деп күдіктенудің қажеті жоқ. БЖЗҚ салымшылары үшін ең бастысы қаржының ҚРБ облигацияларын сатып алуға бағытталуы маңызды. Бұл еліміздегі ең сенімді қаржы институттарының бірі. Ол мемлекеттік қаржылармен толық қамтылады, жоғарғы кәсіби менеджментке ие. Біздің пікірімізше, соған сәйкес шешімдер де жан-жақты сараланып қабылданған. 

Айжан ҚУАШ