Русский Сайттың толық нұсқасы

Қыран Талапбектің бұрынғы әйелі Айжұлдыз Адайбекова оның екінші рет үйленуіне қатысты ойын айтты

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2023
  • 3129

Танымал өнер иесі Жанар Айжанованың қызы әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбектің екінші рет үйленуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті. 

"Достар, мен аудиториямды былай тәрбиелемедім. Оған неге сонша ашуланасыздар? Исламда жақсы сөз бар: біреу үшін қуана білу - тақуалықтың белгісі, 99 күнә тілден. Бәрі Алланың қалауымен, керісінше, бақыт тілеп қуаныңыздар. Мен де тілекшімін. Мен бұл тақырыптан қашамын деп ойладыңыздар ма? Әрине, қашпаймын. Аллахым бақ берсін, бақытты да балалы болсын. Өте әдемі жұп, маған ұнайды", - деп жазған ол.