Русский Сайттың толық нұсқасы

Швейцарияда орман өрті қаулап жатыр

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2023
  • 1433

Швейцарияда орман өрті қаулап жатыр. Тау етегінде орналасқан бірнеше ауыл тұрғындары көшірілді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Вале кантонында тұтанған тілсіз жауды сөндіруге 200 маман, армия, полиция жұмылдырылған.

Құтқарушылардың сөзінше, өртпен күрес күні-түні жалғасады.

Жалын лапылдаған өңірде аптап ыстық. Сынап бағанасы +30 градусты көрсетіп тұр.