Русский Сайттың толық нұсқасы

Әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2023
  • 2893

Эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты. Бұл туралы өнер иесінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің TikTok парақшасында хабарлап айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің адвокаты қазір әнші үйіне барғанын жеткізді.

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!", - дейді адвокат.

Адвокат Эльнура Кишкенебаева әншіге қолдау көрсеткен барлық оқырмандардың пікірін жинап әншінің бостандыққа шыққанын жазып, видео жүктеді.