Русский Сайттың толық нұсқасы

Батысқазақстандық шаруалардың тең жарымы мемлекеттен алған несиені қайтара алмай отыр

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2016
  • 2267

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға берілген несиенің тең жарымы қайтарылмай отыр. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының дерегінше, борышқа батқан ауылдықтар кәсібін жүргізе алмай, қиын жағдайда қалған. 2011 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша шаруаларға 4 пайыздық өсіммен 3 млрд 172 миллион теңге несие беріліпті. Бұл ақшаның 80 пайызы мал шаруашылығына жұмсалған. Алайда, бүгін дейін осы қаржының тең жарымы ғана өтелген, - деді корпорацияның бас менеджері Қуандық Нүсенов.

Қарызын қайтармағандар ісі оңға баспаған. Енді борышкерлердің ісі сотқа жіберіліп, қаржысын мақсатсыз пайдаланған 9 несие серіктестігінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сот орындаушыларының көмегімен олардың жер телімдері мен техникасы, мал-дүниесі мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.

Қуандық Нүсенов, "Орал" ӘКК ҰК" АҚ бас менеджері:

Олар, біз несие алған кезде, малдың, қойдың, еттің бағасы қымбат болды, дейді. Содан кейін біз Кедендік одаққа кірдік. Шекара ашылғасын, қойдың бағасы, еттің бағасы күрт төмендеп кетті. Олар айтатын бірден бір сылтау сол. 

Еркін КАРИН