Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлімінен кейін аудандық сот төрағасы қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2023
  • 1077

Жоғарғы сот тарапынан үстіміздегі жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, іс Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотында қаралған.

Айта кетейік, бұған дейін 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.

Ұсталған күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Шетенов Нурқазы Бектайұлын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.