Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келушілердің мәселесі сол жерде-ақ шешілді

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2016
  • 2880

Бір аптадан бері Шымкент вокзалында түнеп жүрген зейнеткерге "Нұр Отан" партиясы көмектесетін болды. Бүгін партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткен болатын.

68 жастағы Виктор Троеглазов - жалғызілікті қария. Айтуынша, қарттар үйіне барғалы жүргенін естіген ұлы осыдан 3,5 жыл бұрын баспанасын сатқызып, Ресейге алып кетіпті. Алайда Мәскеуге жеткесін, өзге бір танысының қолында қалдырған. Сол отбасыда уақытша тіркеуге тұрғызылған. Бірақ жуырда олар зейнеткерді Шымкентке қайтарып жібереді. Осылайша қаңғып қалдым деген зейнеткер, зейнетақысын да ала алмай жүрген айтып, мұң шақты.

Виктор Троеглазов:

- Я без документов!- А где ваше удостоверение?- Когда я уезжал в Россию, его на пополам разрезали!

Зейнеткердің басындағы жағдайға бей-жай қарай алмаған депутат Әбілқасым Досболов сол бойда бірден тиісті орындарға телефон шалуға кірісті. Виктор Васильевич бірер күнде қолына жеке куәлігін алатын болды. Ал бүгін уақытша тұрғылықты мекен-жайы жоқтарға арналған орталыққа жайғастырылатын болып шешілді.

Әбілқасым Досболов, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:

Көшеде жүргеннен кейін күйі жоқ, жағдайы жоқ, оңай емес, ол үлкен стресс. Өзіне өзі келіп, жағдайын, денсаулығын жөндеп алғаннан кейін, алған куәлігіне байланысты ол кісіні тұрақты түрде қарттардың үйіне орналастыруға бар құжаттарын дайындайтын болады, сонан кейін сол жерде, құдай қаласа, орналасатын болады. Соған мен өзім қолымнан келгенінше қадағалап отырамын.