Атырауда «МегаМозг» оқу орталығына алданған ата-аналар бас көтерді. Олар орталық басшысы ғана емес, ақшаны қабылдаумен айналысқан қызметкерлер де жауапқа тартылуын сұрап, қалалық прокуратураға жиналды. Айтуларынша, былтырғы оқу жылында балаларын қосымша білім береміз деп сан соғып қалған. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, түрлі жеңілдіктерді ұсынғанымен, міндеттерін орындамай, жауып тастапты.
Райгүл ҮРГЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Оплата жасадым желтоқсанның 8інде, майдың 30ына дейін 103 мың развозкасымен бірге. Чекті Мырзабекова Дильназға жібердім. Мысалы, менің балам тіпті барған жоқ. Ол баланы апарып көрсеткем жоқ. Қаңтардың 8і маған жазып тұр. Мен Мақсотова Аида боламын, «Мегамозг» оқу орталығының директоры боламын. Сіздерден кешірім сұраймын, біздің оқу ортылығы жабылатындықтан біз әрі қарай жұмысымызды жалғастыра алмаймыз деп.
Қазір Райгүл секілді 156 адам ақшасын қайтара алмай жүр. Арасында 100 мың теңгеден бастап, 600 мың теңгеге дейін төлегендер бар. Құзырлы органдарды жағалап жүргісі келмегендер қол сілтеп кеткен. Ата-аналардың арызынан соң былтыр жыл соңында Қылмыстық Кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалған. Басты күдікті 29 жастағы Аида Мақсотова ақпан айынан бері тергеу абақтысында.
Әсия ІЗТІЛЕУОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Олар схемамен 2020 жылдан бері жұмыс жаап келе жатқан екен. Біз оның алдында ол «Индиго» да олған, ол «Қазақ ленд » та болған, ол «Бэбиленд» те болған, осындай ашады да жауып тастайды.
Алайда құзырлылар қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдаған.
Серік ИЩАНОВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қылмыстық іске қатысы бар деп күдіктелген 5 тұлғаға қатысты терегушімен тоқтату туралы шешім қабылданған. Яғни қала прокуратурасымен бізге жолданғаннан кейін толықтай қосымша зерделенетін болады.