Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы «Ақжелең» наубайханасы тәулігіне 20 мың нан пісіреді

Қызылордадағы наубайханада тәулігіне 20 мың нан пісіріледі. Жұмыс процесі толығымен автоматтандырылған. Шетелдік алып пеште бір сәтте 200-ден аса бөлке небәрі 37 минутта дайын болады.

Фарида СӘМЕНОВА, НАУБАЙХАНАШЫ:

1 ауысымда 9 адамнан болғанда 27 адам нан пісіреді. Бізде тәулігіне 117 қап ұн кетеді. Жұмысшылар түнгі ауысым ұйықтамайды. Аяқтарынан тік тұрып жұмыс істейді. 

Наубайханашыларға қойылатын басты талап – жеке бас гигенасын қатаң сақтау. Іштегі тазалық та басты назарда. Қазір мұнда 70ке жуық адам жұмыс істейді. Олар түрлі тәттілер пісіруді де қолға алып жатыр.

Айдана ҚЫЛЫШБЕК, НАУБАЙХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Наубайханамызға 400 млн қаражат кеткен тұғын. Оның 25 пайызын «Даму» корпорациясының арқасында жеңілдетілген несиемен алынған болатын. Жұмыс орындары да алдағы уақытта 100-ге дейін көтеріледі деген ойдамыз.

Ыстық пештен шыққан нан дүкендерден өзге, қаладағы ауруханалар мен балабақшаларға да жөнелтіледі. Ол үшін 12 көлік қарастырылған. Алдағы уақытта аудандарды да қамтамасыз ету жоспары бар.