Бүгін
түнде қазақстандықтар жұлдыздар жауынын тамашалай алады. Ол Орионидтер
метеорлық жауын деп аталады. Ғалымдардың
айтуынша, олар 17-26 қазан аралығында белсенді болады.
Орионидтер жауыны аспан
әлеміндегі ең ғажайып құбылыстардың біріне жатады екен. Метеордың жылдамдығы сағатына 66 шақырымды
құрайды. Оның бөлшектері 100-150 шақырым биіктікте жанып кететіндіктен, жер
шарына және адам денсаулығына еш зияны жоқ, - дейді ғалымдар. Аққан жұлдыз
секілді жарықты әлемнің кез-келген нүктесінде көруге болады.
Саламат ОМАШ