Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар метеорлық жауынды тамашалай алады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2016
  • 2403

Бүгін түнде қазақстандықтар жұлдыздар жауынын тамашалай алады. Ол Орионидтер метеорлық жауын деп аталады. Ғалымдардың айтуынша, олар 17-26 қазан аралығында белсенді болады.

Орионидтер жауыны аспан әлеміндегі ең ғажайып құбылыстардың біріне жатады екен. Метеордың жылдамдығы сағатына 66 шақырымды құрайды. Оның бөлшектері 100-150 шақырым биіктікте жанып кететіндіктен, жер шарына және адам денсаулығына еш зияны жоқ, - дейді ғалымдар. Аққан жұлдыз секілді жарықты әлемнің кез-келген нүктесінде көруге болады.

Саламат ОМАШ