Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмолада түн жарымында көше кезген 76 бала ұсталды, бір жасөспірімнен пышақ табылды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2023
  • 1025

Ақмола облысында «Түнгі қаладағы балалар» рейді барысында жасөспірімнен пышақ тәркіленіп, түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген 70-тен астам жасөспірім табылды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарлауынша, рейдтің бірінші күні ювеналды полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 83 баланы анықтады, оның 76-сы түнгі уақытта көшеде жүрген.

17 шілде сағат 16.00 шамасында патрульдеу барысында 2006 жылы туған Бұланды ауданының кәмелетке толмаған тұрғынынан полиция қызметкерлері пышақ тауып, тәркіледі.

Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар үш жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және үш кәмелетке толмаған ішімдік ішкені үшін полицияға жеткізілді.