Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақша айырбастау орындарында доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2023
  • 1126

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441 – 446 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441– 445 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 443,5 – 446,5 теңге аралығында құбылып тұр.

19 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге төмендеп, 442,87 теңге болған.

Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 442,68 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,78 - 4,88 теңгеден сатылуда.