Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жын жайлауы мүмкін". Атыраулық азамат жолдағы апаттың көбею себебін айтты

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2023
  • 1502

"Жанай Исламғалиұлы - Индер ауылының тұрғыны. Ол соңғы кездері Атырау облысында жол апатының тым көбейіп кетуіне алаңдаулы. Ауыл тұрғыны аварияның көбею себебінің бірі иесіз даланы жынның жайлауынан болуы мүмкін екенін айтты" - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің айтып отырғаныма біреулер күле қарауы мүмкін. Бірақ, жын, елес дегендер бар. Өзім де мұндай тосын жайларға талай куә болғанмын" дейді Жанай Исламғалиұлы.

Кейіпкеріміз жұмысбасты адам. Көбіне Индер мен Атыраудың ортасында жолда жүреді.

Айтуынша, ертеректе ауыл молдалары мұндай қасіретті жағдайлар көбейген уақытта құран оқып, даланы "тазалайтын" болған.

"Бір жылдары ауылымызда біраз адам суға кетіп, қайтыс болды. Қайғылы жағдай қайталана берді. Кейін қарттар сезіп, садақа беріп, жерді "тазалады". Жауын жоқ кезде де, халқымыз құрбан шалып, тасаттық береді. Сондықтан, мұндай наным-сенім мәселесіне күле қарауға болмайды" дейді Жанай Исламғалиұлы.

Бұл мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы не дейді? Мүфтият сайтын ақтара келе, арнайы пәтуа шығарылғанын көрдік.

Пәтуада жындар әртүрлі бейнелер мен пішіндерде көріне алатыны айтылған. "Домовой", "елес", "адамның әруағын" көрдік деп жүргендер ол Алланың жаратылысы – жын болуы мүмкін. Әртүрлі кейіптегі елесті, жынды көрген адамдар Алладан пана тілеп, олардан қорықпағаны жөн.

Хадистерде "Егер сендердің біреулеріңе жын-шайтандардың бірі елес болып көрінсе, азан айтыңдар" - деген жолдар бар. Яғни, олардың жамандықтарынан азан айтумен, Алланы зікір етумен сақтану керек" делінген Шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған пәтуада.



Бұған дейін Атырау облысы полиция департаменті жол апатының көбеюіне байланысты дабыл қағып, тұрғындарға үндеу жариялаған еді. Атырау облысында жыл басынан бері 155-тен адам жол апаты орын алып, салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды.


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/87441/