Үндістанда лай көшкінінен 16 адам қаза тапты,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Оқиға Мумбай қаласынан 60 шақырым жердегі таулы аймақта болған. Бірнеше үй жермен-жексен болды. 100 шақты тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.
Алайда апатты аймақта құтқару жұмыстары уақытша тоқтады. Себебі тағы да лай көшуі ықтимал.
Оның үстіне үздіксіз нөсер жауып, айналаны қалың тұман басқан.