Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстанда 2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2023
  • 1814

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күршім ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 20 шілде күні Бурабай ауылының маңында болған.

«2 тонна солярка тиеп келе жатқан жүк көлігі аударылып қалды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Сол жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның толық мән-жайы содан кейін белгілі болады», - делінген ақпаратта.