Атырауда «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жол картасының орындалуы талқыланды. Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелер арналған аймақтық кеңейтілген кеңес отырысында жылдар бойы қордаланған мәселелер ашық айтылды. Жер емген шаруа қауымында алаң көп. Мәселен, дизель отынын жеңілдетілген бағамен сұрайды. Бұл мал азығын арзанатар еді,- дейді. Бүгінде ауыл шаруашылығы техникаларының 76 пайызының тозығы жеткен, ал жаңарту 6 пайыз шамасында ғана. Сондықтан лизинг мерзімін ұзарту арқылы қолдау қажет, - дейді. Сондай-ақ балық аулау каналдарын түп тереңдету жұмыстарының нәтижесі уақытша екені айтылып, Қиғаш өзені жағасынан арнайы кәсіпорын құру ұсынысы тағы да бір мәрте қайталанды.
Айбар ЕРЕКЕШОВ, КӘСІПКЕР:
Каспий теңізінің күрт кішіреюі, жағадан тартылуы, екі жылдың ішінде 25 км үстінде жаңадан әрі қарай ығысып кетуінің себебі ғылыми көзқараспен қарамай, ешқандай жұмыс жүргізілме тек, жобалық сметалық жұмыстары негізінде қазба жұмыстары жүргізілді. Естуші үкімет бар алдағы уақытта детально подход жасаймыз. Хатшымыздың берген ұсынысы те орынды. ММС құру өте маңызды.
Кәсіпкерлердің ашық сауалдарына Ауыл шаруашылығы, Экология, табиғи ресурстар және Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрлері тікелей байланыс арқылы тыңдап, жауап берді. Үкіметтік деңгейде шешілетін мәселелерді түртіп алып, жауабын айтуға уәде берді.
Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Ең өзекті кезек күттірмейтін мәселе кәсіпкерлікті дамытудың ішінде беріліп жатқан субсидиялардың реті қандай? Біз айттық Атырау облысы ауыл шаруашылығына қолайлы ма, қолайсыз ба сол жөніне ақпарат берілген дұрыс сияқты. Себебі министрліктің саясаты қандай? Барлық өңірлерге бірдей қолдау. Ал манағы қолайсыздау өңірлерге қолдау көбірек керек сияқты деп есептейміз. Ол неге байанысты импортты алсақ, азық түлік Атырау облысы 60-70 пайызы көршілес Ресей облысынан келіп отырған тауарлар. Бәріміз жақсы білеміз. Біз ресейдің фермерін асырап отырмыз ба деген сұрақ туындайды. Не болғанда да шама келетін тауарларды өзімізде өндіруге көшу керек.
Эльдар Жұмағазиевтың айтуынша, мұндай форматтағы кеңейтілген отырыстар барлық өңірде өтеді. Ашық диалог арқылы партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына баға беріледі. Кеңес хаттамасы тиісті органдарға жіберіліп, ал шешілуі қиын күрмеулі мәселелер күзде Мәжіліс қабырғасында талқыланбақ.