Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан балуандары Иорданиядағы Азия чемпионатынан 37 медаль жеңіп алды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2023
  • 1307

Иордан Хашимит корольдігі астанасында грек-рим күресі, еркін күрес пен әйелдер күресінен Азия чемпионаты аяқталып, қазақстандықтар 37 медаль олжалады.

Жарыс 12-20 шілде аралығында Амманда өтті, ұйымдастырушы – халықаралық United World Wrestling (Біріккен күрес әлемі) федерациясы.

Чемпионат еркін күрес, грек-рим күресі, сонымен қатар әйелдер күресі бойынша U15 және U20 жас санатында өтті. Оған Азияның 19 елінің спортшылары қатысты.

Жалпыкомандалық есепте грек-рим күресі бойынша U15 санатында Қазақстан командасы екінші орынға ие болды.

Қазақстанның еркін күрес пен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы командасы үшінші орынға лайық деп танылды.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 37 медаль олжалады – 8 алтын, 7 күміс және 22 қола медаль.

Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, UWW Азия кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов чемпионат алаңында ҚазАқпарат тілшісіне аз-кем пікір білдірді:

- Амман қаласында мұндай дәрежедегі, Олимпиада ойындары бағдарламасына енетін күрестің үш түрі бойынша 15 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгілер арасындағы жарыс алғаш ұйымдастырылып тұр. Иорданияның Күрес федерациясы, Жастар министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитеті мен Амман қаласының әкімдігіне осындай керемет іс-шараны ұйымдастырғандарына алғыс айтқым келеді.

Біздің U15 санатындағы жастарымыз жақсы күресіп жатыр. Әрине, кәсіпқой маман ретінде қателіктерін байқайсың. Бұл жаста олармен жаттықтырушы жұмыс істеуі керек.

15 жасқа дейінгілер:

Еркін күрес:

Жалпыкомандалық есеп – Қазақстан Үндістан (173 ұпай), Иран (171ұпай), Жапония (145 ұпай) мен Өзбекстаннан (143 ұпай) кейінгі бесінші орынды иеленді.

Саят Әбдуәли - «алтын» (44 кг)

Ералы Әскербек - «қола» (48 кг)

Бекасыл Асамбек – «алтын» (52 кг)

Нұрислам Шалқаров – «қола» (85 кг)

Грек-рим күресі:

Жалпыкомандалық есеп – Қазақстан командасы Иранға (185 ұпай) жол беріп екінші орын (178 ұпай) иеленді.

Сұлтан Мәулітханов - «қола» (38 кг)

Сұңқар Зарап – «қола» (44 кг)

Диас Маратов – «алтын» (48 кг)

Дамир Ақан – «қола» (52 кг)

Досбол Шамиль – «алтын» (57 кг)

Марлен Мейірбекұлы – «күміс» (62 кг)

Әбілмансұр Ахалбек – «алтын» (68 кг)

Аянбек Ибраев - «күміс» (85 кг)

Әйелдер күресі:

Жалпыкомандалық есеп – 122 ұпаймен төртінші орын иеленді. Жапония (202 ұпай), Үндістан (195 ұпай) және Қырғызстан (139 ұпай) алда болды.

Сәния Солтанғали – «қола» (39 кг)

Мейрамгүл Ахметжан – «қола» (46 кг)

Фарида Әбдірахманова – «күміс» (50 кг)

20 жасқа дейінгілер:

Еркін күрес:

Жалпыкомандалық есеп – Қазақстан командасы Иран (191 ұпай) мен Үндістаннан (180 ұпай) кейінгі үшінші орынды алды.

Мерей Базарбаев – «қола» (57 кг)

Әбдінұр Нұрланбек – «қола» (61 кг)

Мұқаметали Қабидолданов – «қола» (70 кг)

Ерхан Бексұлтанов – «алтын» (74 кг)

Мағжан Жанырбай – «қола» (79 кг)

Иманғали Қалдыбек – «қола» (86 кг)

Нұрдәулет Бекенов – «қола» (92 кг)

Камиль Куруглиев – «алтын» (97 кг)

Грек-рим күресі:

Жалпыкомандалық есеп – Қазақстан командасы Иран (205 ұпай) мен Өзбекстанға (180 ұпай) жол беріп, үшінші орын иеленді.

Айбек Айтбеков – «күміс» (55 кг)

Самандар Мадаминов – «қола» (60 кг)

Юсуф Ашрапов – «күміс» (63 кг)

Азиз Гасымов - «қола» (67 кг)

Мерей Мәулітханов – «қола» (72 кг)

Ислам Евлоев – «алтын» (82 кг)

Нұрасыл Аманалы – «күміс» (87 кг)

Юсуф Мациев – «қола» (97 кг)

Джохар Узаров – «қола» (130 кг)

Әйелдер күресі:

Жалпыкомандалық есеп – 129 ұпаймен төртінші орын иелендік.

Үндістан (195 ұпай), Жапония (177 ұпай) мен Өзбекстан (147 ұпай) бізден басым болды.

Лаура Ғаниқызы – «қола» (50 кг)

Алтын Шағаева – «қола» (53 кг)

Зейнеп Баянова – «қола» (55 кг)

Жібекжан Сабыржанова – «қола» (68 кг)

Шәмшиябану Тастанбек – «күміс» (72 кг).