Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жауын-шашынның салдарынан Медеу ауданы тұрғындары сусыз отыр

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2023
  • 1250

 Алматыда болған жауын-шашынның салдарынан сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артып, қаланың Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды.

«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны хабарлағандай, мына мекенжайға су беру тоқтатылды:

Юбилейный шағынауданы, Тау Самал шағынауданы (Каменск үстірті), «ВИП Алем» коттедж қалашығы, «Европолис» тұрғын-үй кешені, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.

«Көктөбе» шағынауданы, «Самал 1-3» шағынауданы, «Таулы қырат» шағынауданындағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелерінде желідегі судың қысымы төмендеді.

«Тау өзендеріндегі судың лайы тазарғанына қарай сумен қамту қызметі қалпына келеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінеді «Алматы Су» МКК хабарламасында.

Еске салсақ, кеше Алматыда нөсер жауын мен дауылдың салдарынан ағаштар құлап, қаланың орталық бөлігінде жарық сөнген болатын.