Русский Сайттың толық нұсқасы

Ливанда қаңғыбас ит қоқыста жылап жатқан тастанды сәбиді құтқарды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2023
  • 2183

Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында адам сенгісіз таңғажайып оқиға болды. Қаңғыбас ит қоқыс дорбасына салынған кішкентай сәбиді құтқарды. Оны белгісіз біреулер муниципалды ғимараттың жанына тастап кетке.

Өтіп бара жатқан адам иесіз иттің қоқыстан бір дорбаны шығарып, аузында тістеп тұрғанын көріп қалады.

Қара қапшықтан баланың қыстығып жылаған даусы естіледі.

Ол қызды дереу Триполи мемлекеттік ауруханасына жеткізді.

Желіде тараған фотосуреттен нәрестенің беті мен денесінде қызарған және көгерген жарақат ізі бар екенін көруге болады.

Баланың жасы туралы қарама-қайшы деректер айтылды.

Кейбір ақпарат көзі оның шамамен 4 айлық екенін хабарласа, басқалары қоқысқа тастағаннан бірнеше сағат бұрын ғана дүниеге келген шақалақ деп мәлімд

Интернетте осы хабар тараған кезде көптеген әлеуметтік желі қолданушылары қызды асырап алғысы келетінін жазды.

«Кейбіреулер итті таза емес жануар дейді. Әрине, бұл олай емес, — деп жазды бір қолданушы әлеуметтік желіде. - Иттің адам кейпіндегі кейбір мутанттарға қарағанда адамгершілігі, мейірімі, қулығы мен ақыл-ойы әлдеқайда көп».

«Жануарлар адамға қарағанда әлдеқайда жанашыр», — деп жазды тағы біреуі.

Жергілікті БАҚ қыздың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп хабарлады.

Аурухана қосымша ақпарат берген жоқ, өйткені сәрсенбіден бері ел ислам Жаңа жылын тойлап жатыр, яғни мемлекеттік мекемелер мерекеге байланысты жабық.

Полиция бұл оқиғаны зерттеп, баланы тастап кеткендерді іздеп жатыр.