Русский Сайттың толық нұсқасы

2034 жылғы футболдан әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме?

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2023
  • 970

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін БАҚ беттерінде Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен ФИФА-ға бірлескен өтінім беруді ұсынды деген ақпарат тарады.