Руслан
Күлекбаев сот барысында өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады. Бұл қадам арқылы
әділетсіз шешім қабылдайтын құқық қорғау органдары өкілдерін жөнге салмақ
болған көрінеді. Лаңкестік жасау дерегі бойынша тағы бір басты сот отырысы
бүгін Алматыда басталды. Тапа-тал түсте атыс ұйымдастырып, бірнеше адамды жер
жастандырды деп айыпталған Күлекбаев сот алдында жауап беріп жатыр.
Онымен
бірге тағы 5 адам сотқа тартылған. Ал қанды қырғында қаза тапқан полицейлердің
ата-аналары бұл сұмдықтың алдын алуға болар еді деп есептейді. Олардың ойынша,
құқық қорғау органдары дер кезінде күдіктінің ізіне түспей салғырттық танытқан.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Күлекбаев
ісі бойынша басталған сот тергеу изоляторының ғимаратында жалғасты. Судья бұған
дейін процестің ашық өтетінін айтқан, бірақ сот отырысын БАҚ өкілдері көрші
бөлмедегі монитордан ғана бақылады. Сөз алған жәбірленушілер Алматыдағы құқық қорғау
ісі жүйелі емес екендігін айтты. Олардың жауапсыздығынан лаңкес жүгенсіз кетті
деп отыр.
Мәлік
Нұрмұхамбетов, марқұм полиция қызметкері Бауыржан Нұрмұхамбетовтің әкесі:
Түнгі
сағат 3-те хабарлайды. Бір әйелді атып
тастады. Сол әйелді атып тастағаннан
кейін, МВД неғып көтерілмейді. Неге қарамайды?
Бейбіт
заманда жақынынан айрылған жандар, сот отырысындағы Руслан Күлекбаевтің
іс-әрекетін сынға алды. Жәбірленуші Бақтыгүл Жексенбиеваның айтуынша, судья
Ерлан Болатов айыпталушыдан жауап алу барысында оны бірнеше рет орнынан тұрғыза
алмай қойған көрінеді.
Бақыткүл
Жексенбиева, марқұм полиция қызметкері Жалғас Келдібаевтың анасы:
Орнынан
тұр десе, тұрмай жатыр. Еще дәрет сындыраман деп соттан сұрап жатыр. Оған
жіберіп жатыр сот. Отыру керек еді. 2 сағат па 3 сағат па, шыдап отыру керек еді
Күлекбаев. Адам емес. Әкенің-шешенің тәрбиесін көрмеген оңбаған.
Күлекбаевпен
бірге айыпталушы орындығында тағы бес адам отыр, бірақ қорғаушыларының бірі
Шәмен Жайылғанов олардың сол күнгі қанды қырғынға қатысы жоқ дейді. Өткен жылы
Күлекбаев тонап кеткен жәбірленуші Вячеслав Мещеряковтың да мұны растағанын
айтты.
Шамен
Жайылғанов, айыпталушы Е.Құсайыновтың адвокаты:
Мен
куәгерге сұрақ қойғанымда ол өзін тек Руслан Күлекбаев тонағанын, басқа ешкімді
көрмегенін айтты. Ұрланған ақшаның көлемі 5-6 млн теңге болған екен, бұл сома
қайдан шықты дегенімде, мұндай ірі көлемдегі ақшаны өзімен бірге алып
жүрмейтінін айтты.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Қанды
оғиға 18 шілде күні орын алды. Істің басты фигуранты Руслан Күлекбаев 8 полиция
қызметкері мен 2 бейбіт тұрғынды атып өлтіріп, сондай-ақ 3 адамның өміріне
қауіп төндірді деп айыпталып отыр. 61 томды құраған істі қарау ертең тағы
жалғасады.
Айгүл ЕРМАХАН