Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында Сардиния аралындағы демалысынан фотолар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Порто-Черводағы бір күн", - деп жазған теннисші.
Спортшының жанкүйерлері оған жылы пікірлер жазып, естен кетпес демалыс тілеп жатыр.
Еске салайық, қазақстандық теннисші Уимблдонның ширек финалына дейін жетті. Енді Елена Рыбакина Монреальда 7-13 тамыз аралығында өтетін Omnium Banque Nationale турниріне қатысады. Жарыстың жүлде қоры шамамен 2,8 миллион АҚШ доллары болады.