Русский Сайттың толық нұсқасы

Пойыз ішінде ер адам 2 жолаушы мен кондукторды пышақтап тастады

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2023
  • 876

Жапонияның батысында пойызда ер адам жолаушыларға пышақпен шабуылжасағаннан кейін үш адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі Kyodo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Жексенбіде Осакада (Батыс Жапония) пойызда болған оқиға салдарынан үш адам жарақат алды, қылмыскер дереу қамауға алынды", - деп жазды агенттік жергілікті билікке сілтеме жасап.

Жараланғандардың қатарында үш ер адам бар: екі жолаушы және 70 жастан асқан пойыз кондукторы. Олар ауруханаға жатқызылды. Алынған жарақаттары олардың өміріне қауіп төндірмейді.

Полиция 37 жастағы ер адамды кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен сол жерде қамауға алды. Қаскүнемді қамауға алған кезде оның жанында үш пышақ болған.