Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция іздеу жарияланған Шүменовке қатысты түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2023
  • 1143

ҚР ІІМ Астанада Mega Silkway сауда-ойын-сауық орталығында төбелес шығарған белгілі спортшы Бейбіт Шүменовке қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 маусымда Mega Silkway-де болған оқиғаға байланысты Астана қаласы Полиция департаменті Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сонымен қоса қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес аталған азаматқа қатысты ресми түрде халықаралық іздеу жарияланды, - деді қалалық ПД өкілдері.

Еске салсақ, 2023 жылғы 18 маусымда елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде екі ер адам бала үшін сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Төбелесте бала ұстаған ер адамды соққыға жыққан белгілі боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.