Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде бір аптада 1000-ға жуық автокөлік уақытша есепке қойылды

Елімізде бір аптада 1000-ға жуық автокөлік уақытша есепке қойылды. Сондай-ақ 1,5 мың көлік жақын арада тіркеуге дайын. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігі хабарлады. Көліктер барлық тексеруден өтіп, құжаттар әрі қарай Халыққа қызмет көрсету орталығына беруге дайындап жатыр. Айта кетейік, 23 қаңтардан 22 шілдеге дейін автокөлікті заңдастыруға 370 мыңнан астам өтінім түскен.

Алтынбек ЖАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘПК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап бізде көлік құрылдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 200 мыңнан астам көлік құралы нақты есепке қойылды. Оның 15 мыңы – қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген көліктер. Ондай көліктерді тіркеуді біз 22 мамырдан бастаған болатынбыз.