Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында имамның телефонын ұрлаған тұрғын мәжбүрлі еңбекке тартылды

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2023
  • 1226

Қызылорда облысында имамның телефонын ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды, - деп хабарлайды polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан найып имамның телефонын жасырын жымқырып кеткен. Полиция қызметкерлері оны ұстап, пробация қызметінің есебіне алған.

Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен оны кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.

Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

"Қазіргі таңда кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімді атқарып жүрмін. Бұның өзі маған берілген бір мүмкіндік отбасымның қасындамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарына бағынып, жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек", – деді есептегі азамат.