Ұялы байланыста техникалық ақау 5 минуттан асқан жағдайда, байланыс операторлары бұл туралы БАҚ арқылы ақпараттандыруға міндеттелмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Бағдат Мусиннен соңғы уақытта интернеттің жиі нашарлайтыны және неліктен ол туралы алдын ала абоненттерге ескерілмейтіні туралы сұрады.
«Қазақтелеком» – жеке ұйым. Біз –реттеуші органбыз. Менің де «Қазақтелекомға» қатысты наразылығым болды. Сондықтан интернет сапасы бойынша қазіргі жағдайды алып қарасақ, заңнамалық түзетулер енгізуіміз керек шығар. Операторларды 5 минуттан артық істен шыққан жағдайда БАҚ арқылы хабарлауын міндеттейміз. Бұны бірге істейік, мен – дайынмын», - деп жауап берді ведомство басшысы.