Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда тұрғындары пәтерге ұрлыққа түскен азаматты ұстап алды

Елорда тұрғындары пәтерге ұрлыққа түскен азаматты ұстап алды. Күдікті Абылайхан даңғылы бойындағы пәтерлердің біріне кіріп зергерлік бұйымдар салынған сандықшаны қолды еткен. Ең қызығы, есік ашық болған. Үй иелері ұйықтап жатқан. Алайда тұрғындар дер кезінде ұрының соңына түсіп, оны үй маңынан ұстаған.

Айта кетейік, 26 жастағы күдікті бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жігіт ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.