Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызмет барысында қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс курсант атанды

Қызмет барысында қаза тапқан Ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс курсант атанды. Мемлекет басшысының қолдауымен академияларға жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау бес жылдан кейін қайта басталды. Конкурссыз оқуға түскендердің арасында 14 “Алтын белгі” иегері, Ұлттық бірыңғай тестілеуден 100-ден жоғары балл жинаған 25 талапкер бар. Іріктеуге 1 500 бала қатысты. Олар Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларындағы 800 орынға таласты. Биыл ЖОО-на түсудің барлық процесі алғаш рет ата-аналар үшін ашық түрде өтті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

Бәрі оқуға түссін. Елді қорғасын. Елге служить етсін. Адал болсын.
Іске сәт. Барлық балаларға сәттілік.
Қуаныштымыз осындай ашық түрде өтіп жатқанына.