Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада отандық «Бітпейтін той» жаңа фильмінің тұсаукесері өтті

Астанадағы Kinopark 7 IMAX Keruen Astana кинотеатрында «Бітпейтін той» фильмінің тұсаукесері өтті. «Tiger Films» продюсерлік компаниясының кезекті комедиясының режиссері Дархан Саркенов. Сценарий авторы Эльдар Абдраимов пен Мейіржан Келемеденов. Кинода қыдырымпаз Муха ең жақын досы Тамерланның үйлену тойында жігіт жолдас болады. Алайда, барлығы Тамерланның тойдағы серігі Муха болғанын қаламайды. Осылайша үйлену тойы кезінде бәрінің быт-шыты шығады. Тойдың соңы қалыңдықтың көз жасымен аяқталады. Келесі күні Муха кешегі күннің қайталанғанын байқайды және ол тағы үйлену тойына тап болады.

Еркебұлан ТОҚТАР, АКТЕР:

Енді бәріңіз білесіздер Groundhog Day деген фильм бар. Сол история біздің Қазақстанға да келді. Сол жайында бірінші рет кино, сол менталитетке бұрылған. Біздің қазақша стильде жасалған. Соның басты кейіпкері бір күні қайталана береді. Тойдың күні имена. Неге именно той бізде қазақта той көп ғой, сондықтан да сол тойды көрсетті. Мұха енді ответсвений емес раз жігіт ғорй сондай персонаж.

Комедиялық жанрдағы фильмде басты рөлдерді елімізге танымал Дина Тасболатова, Артур Төлепов, Айжұлдыз Адайбекова сынды әртістер сомдады. Актерлердің айтуынша, түсірілім процесі жеңіл болған. Көп жерге бармаған. Бұл да тапсырманы жеңілдеткен.

Дина ТАСБОЛАТОВА, АКТРИСА:

Мен қалыңдықтың ролін ойнаймын. Үйлену тойының алдында және той кезінде қалыңдықтың жүйкесі жұқарды. Ол бәрін тамаша өтуін ойлаған. Соған шыдамсыздық танытады. Той қалай өтеді деп уайымдады. Фильм қызық. Әрі қарай құпия ұстанайын. Меніәңше, көрермен кинотеатрдан өздері тамашалап, әсер алғаны дұрыс.

Айта кетейік, фильмнің түсірілімі 12 күнге созылған. Соңғы 2 жарым жылда "Tiger Films" 25-тен астам көркем фильм түсірген.