Русский Сайттың толық нұсқасы

Грекиядағы орман өрті әскери оқ-дәрі қоймасына жетті

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2023
  • 649

Эгей теңізінің жағалауындағы Волос қаласында орналасқан әскери база маңында үлкен жарылыстар болды. Табиғи өртің салдарынан мұнда оқ-дәрі қоймалары жойылды.

Қызметкерлер мен F-16 ұшақтары басқа базаға алдын ала жеткізілді. Өрт сөндіру қызметі 12 елді мекенді эвакуациялау туралы хабарлайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, оқ-дәрілердің жарылуынан ешкім қатты зардап шеккен жоқ.

Волос қаласының маңындағы қызыл жалын Грекиядағы Төтенше жағдайлар қызметі күресіп жатқан 124 табиғи өрттің ең қауіптілерінің бірі болып саналады. Туризмге тәуелді аймақтар да зардап шекті: келушілерді эвакуациялау жергілікті бизнес үшін апатты салдарға айналатыны сөзсіз.

«Қаржылық жағынан, Киотати аймағындағы бірде-бір отбасы қыстан оңай шыға алмауы мүмкін. Өйткені қазір барлығы жабық. Үнемдеуге тура келеді. Біз жаз бойы көп жұмыс істейміз. Біздің жұмыс ауыр, күніне 14 сағат және одан да көп уақытты қамтиды», - деді жергілікті мейрамхана иесі Елена Хризафинас.

Грекия Үкіметі курорттардың көпшілігі туристер үшін қауіпсіз деп сендіреді. Елдегі жағдай он күннен астам уақыт бойы ауыр болып отыр. Табиғи өрттер аймақтардың жартысына жуығында тіркелді. Тек бір Родоста апат аймақтарынан ондаған мың адам эвакуацияланды.