Қостанай облысында 13 жасар қызды улы жылан шақты. Жасөспірім ата-анасымен бірге балық аулауға барған. Жылан сол жерде саусағының ұшынан шаққан. Ауырсыну сезінбегесін дәрігерге қаралмаған. Осылайша у баланың денесіне жайылып ертесіне ғана облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, У-дың салдарынан қол кеудесіне дейін ісініп, некроз пайда болған. Ақхалаттылар жылан уына, гангренаға және басқа да бактерияларға қарсы екпе жасағандарын айтады. Мамандар үш күн бойы жансақтау бөлімінде қыздың өмірі үшін күрескен. Қазір науқастың жағдайы жақсы.
Игорь БЕЛОБРИЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесіне жақын. Ісіну басылады, Бүгін науқасты травматология бөліміне ауыстырдық. Жағдайы жақсарған.